Мұғалімнің жұмысы жеңілдейтін кеңістік

Сабақ жоспары, тапсырмалар, презентациялар және интерактивті құралдар — барлығы бір платформада. Жасанды интеллект көмегімен уақытыңызды үнемдеңіз.

  • Сабақ жоспары
  • Материалдар
  • Сыныпта
  • Талдау

Мұғалімге қажетті барлық құрал бір жерде

ҚМЖ, БЖБ мен ТЖБ, презентация, квиз және сабаққа ойын жасау — сабаққа дайындықтан нәтиже талдауына дейін. Құралды таңдап, бірден жұмысқа кірісіңіз.

Сабақ жоспары Материалдар Сыныпта Талдау
Күн сайын тегін

Әр күн сайын жаңа мүмкіндік. Күн сайын тегін!

OÝSANA-ның ЖИ құралдарын күн сайын тегін пайдаланып көріңіз. Күн сайын жаңа құрал, жаңа мүмкіндік!

  1. ДсҚМЖ
  2. СсПрезентация
  3. СрТапсырма
  4. БсКвиз
  5. ЖмКөрнекілік
  6. СнОйын
  7. ЖсБЖБ / ТЖБ
Күннің тегін ұсынысы

Бүгін

Күннің құралы

Бүгінгі құралды тіркелген әр мұғалім бір рет тегін қолдана алады.

Келесі құралға дейін --:--:--
Тегін қолданып көру

Бір аккаунтқа күніне бір тегін генерация · телефон нөмірі расталуы керек · ұсыныс Астана уақытымен 00:00-де жаңарады

Жасанды интеллект — мұғалімнің көмекшісі

Тақырып пен сыныпты жазасыз — ЖИ құрылымы дайын материал ұсынады. Сіз оны тексеріп, өз сыныбыңызға бейімдейсіз.

  • Сабақ жоспары мен бағалауҚМЖ — МЖМБС үлгісінде, БЖБ / ТЖБ — дескриптор мен балл кестесімен.
  • Презентация мен көрнекілікТақырыпқа сай слайдтар мен суреттер, PPTX форматында жүктеледі.
  • Деңгейлік тапсырмаларӘр деңгейге бөлек тапсырма және тексеруге арналған жауаптар.
  • Соңғы шешім — сіздеКез келген бөлікті өзгертіп, «Менің материалдарым» бөлімінде сақтайсыз.
Сұраныс:Фотосинтез, 7-сынып, 1 сабақ
Оқу мақсаты
Фотосинтезге қажетті жағдайларды түсіндіру
Бағалау критерийі
Фотосинтездің жалпы теңдеуін құрастырады
Сабақтың басы
Миға шабуыл: «Өсімдік не жейді?» сұрағы, 5 мин
Сабақтың ортасы
Топтық тәжірибе: жарықта және қараңғыда тұрған жапырақ, 32 мин
Сабақтың соңы
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі, 8 мин
Мысал. Нәтиже сіз енгізген тақырыпқа қарай жасалады. Құралды ашу

Қалай жұмыс істейді?

Үш қадам — және сабаққа дайын материал қолыңызда.

  1. Құралды таңдаңыз

    ҚМЖ, презентация, квиз немесе басқа қажетті құралды ашыңыз.

  2. Тақырыпты енгізіңіз

    Пәнді, сыныпты, тақырыпты және қажетті ақпаратты жазыңыз.

  3. Нәтижені алыңыз

    Дайын материалды өңдеп, жүктеп, сабақта пайдаланыңыз.

7 «Ә» сыныбыБиология
  • АСАйгерім С.92%
  • ДНДанияр Н.84%
  • ӘТӘлия Т.68%
  • ЕБЕрасыл Б.41%
  • МҚМадина Қ.—
Интерфейс үлгісі. Аты-жөндер мысал ретінде берілген.

Сыныбыңыз бен оқушыларыңызды бір жерден басқарыңыз

Мұғалім кабинетінде сыныптар, тапсырмалар мен нәтижелер бір бетте жиналады.

  • Сыныптар мен оқушыларӘр сыныптың тізімі бөлек сақталады
  • ТапсырмаларСыныпқа тапсырма беріп, мерзімін белгілеу
  • НәтижелерӘр оқушының баллы мен деңгейі
  • Оқу прогресіУақыт өте келе өзгерісті бақылау
Менің сыныптарым
Жуырда

Білімді шыңдайтын жаңа мүмкіндік!

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар, білім сайыстары және қызықты байқаулар енді OÝSANA платформасында!

  • Әртүрлі пәндер бойынша
  • Қатысушыларға сертификаттар
  • Білім мен қабілетті дамыту

Жуырда іске қосылады

Founder Teacher

OÝSANA-ның алғашқы 100 мұғалімінің қатарында болыңыз!

Алғашқы 100 ақылы мұғалім Founder Teacher мәртебесін, ЖИ бонусын және жаңа құралдарды бірінші қолдану мүмкіндігін алады.

  • Арнайы мәртебеFounder Teacher атағы
  • Профиль белгісіЖеке кабинетте ерекше белгі
  • 1 000 ₸ ЖИ бонусыБір рет, бонус әмиянына түседі
  • Ерте қолжетімділікЖаңа құралдарды бірінші көресіз
Қосылу

Алғашқы төлеміңіз өткен бойда мәртебені профиліңізге өзіміз қосамыз.

Орындар

100 орын бос

0 / 100 мұғалім қосылды

Бонус

Достарыңызды шақырыңыз — бонус жинаңыз!

OÝSANA платформасын достарыңызға ұсыныңыз. Әр сәтті шақырылым үшін 500 ₸ ЖИ бонусын алыңыз!

Достарымды шақыру
500 ₸сізге — әр сәтті шақыру үшін
500 ₸досыңызға — алғашқы ақылы сатып алуға жеңілдік

Шарттар

  • Бонус досыңыз ақылы сатып алу жасағаннан кейін беріледі.
  • Бір мұғалімге айына ең көбі 3 сәтті шақырылым — айына 1 500 ₸ дейін.
  • Бонус тек OÝSANA ішіндегі ЖИ құралдарына жұмсалады.
  • Бонусты ақшаға айналдыруға немесе басқа аккаунтқа аударуға болмайды.

Неге OÝSANA?

OÝSANA — мұғалімдерге арналған платформа. Мақсатымыз — қағаз жұмысына кететін уақытты азайтып, оны оқушыларға қайтару.

  • Уақытты үнемдеу

    Жоспар мен материалды нөлден жазудың орнына дайын құрылымнан бастайсыз.

  • Бір платформада көп құрал

    Жоспар, бағалау, презентация, ойын — бір аккаунтта.

  • ЖИ көмегімен жұмыс

    Тақырыпты жазсаңыз жеткілікті, қалғанын ЖИ құрастырады.

  • Өңдеуге болатын нәтиже

    Дайын материалды өзгертіп, Word немесе PPTX түрінде жүктейсіз.

  • Оқушы нәтижесін бақылау

    Деңгейлерді көріп, түзету жоспарын дайындайсыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

OÝSANA деген не?

OÝSANA — мұғалімге сабақ дайындауға, сыныпта жұмыс істеуге және оқушы нәтижесін талдауға арналған құралдар жинағы. Көп құрал жасанды интеллектпен жұмыс істейді.

ҚМЖ-ны онлайн қалай жасауға болады?

ҚМЖ генераторын ашып, пәнді, сыныпты және сабақ тақырыбын жазыңыз. Қысқа мерзімді жоспар МЖМБС үлгісінде бірнеше минутта дайын болады, оны өңдеп, жүктеп ала аласыз.

БЖБ мен ТЖБ-ны қалай жасаймын?

БЖБ / ТЖБ генераторында пәнді, сыныпты және бөлімді көрсетіңіз. Тапсырмалар дескрипторлары мен балл кестесімен жасалады және Word форматында жүктеледі.

Сабаққа квиз қалай жасаймын?

Квиз құралы тақырыптан немесе PDF, Word, PowerPoint файлынан 10–30 сұрақ жасайды. Оқушылар QR-кодпен немесе 6 таңбалы кодпен телефоннан қосылады, жеке не командалық жарыс өткізуге болады.

Сабаққа ойын қалай жасаймын?

Ойындар бөлімінде тақырыпты жазып, ойын түрін таңдаңыз, мысалы «Ретке қой»: хронология мен процестерді ретке келтіру. Ойынды сыныпта бірден ойнатуға болады.

Құралдар ақылы ма?

3D көрнекі материалдар мен Кездейсоқ таңдау тегін. Қалған ЖИ құралдары балансыңыздан төленеді, әр құралдың бағасы оны ашқанда көрсетіледі. Сонымен қатар күн сайын бір ЖИ құралын бір рет тегін қолдана аласыз.

Күннің тегін құралы қалай жұмыс істейді?

Күн сайын бір ЖИ құралы тегін болады. Телефон нөмірі расталған әр аккаунт оны күніне бір рет қолдана алады. Генерация сәтсіз болса, мүмкіндік сақталады. Пайдаланылмаған мүмкіндік келесі күнге ауыспайды, жаңасы Астана уақытымен 00:00-де ашылады.

Шақыру бонусы қашан түседі?

Досыңыз сіздің сілтемеңіз арқылы тіркеліп, алғашқы ақылы төлемін жасағанда бонус бірден ЖИ бонус балансыңызға түседі. Айына ең көбі 3 сәтті шақыру есептеледі. Досыңыздың төлемі қайтарылса, бонус та кері алынады.

Дайын материалды өңдеуге бола ма?

Иә. Нәтижені платформада өзгертіп, қажет форматта жүктей аласыз: БЖБ / ТЖБ — Word түрінде, презентация — PPTX түрінде.

ҚМЖ қандай үлгіде жасалады?

Қысқа мерзімді жоспар МЖМБС үлгісіне сай құрастырылады.

Жасаған материалдарым қайда сақталады?

Барлық жасалған материал «Менің материалдарым» бөлімінде сақталады. Оларды кейін іздеп, өңдеп, қайта ашасыз.

Олимпиадалар қашан басталады?

Олимпиадалар бөлімі әзірленіп жатыр. Іске қосылған күні платформада хабарлаймыз.

Сабақ дайындауға кететін уақытыңызды үнемдеңіз!

OÝSANA платформасына қосылып, мұғалім жұмысына арналған мүмкіндіктерді пайдалана бастаңыз.

Қазір бастау